Композитордың айтуынша, қызы Әнару Құрманәлінің бала кезінен бері мінезі ауыр, жүйке жүйесіне айтарлықтай әсер еткен. Ол қызымен соңғы уақытта қарым-қатынасының қиындап кеткенін айтып, тіпті денсаулығына әсер еткенін де жасырмады.
«Мен кеше қызыммен қатты ұрысып қалдым. Әбден қанымды ішіп, түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Салдарынан ауырып қалдым. Әзір ғана басымды көтердім. Бұл ауру емес, кішкентайынан сондай. Айтқаны болмаса, терезеден секіремін, үйден кетемін деп шешесінің де жүйкесін жұқартқан. Анасының момындығын біліп алып, білгенін істеген».
Композитор қызының өзіне және отбасының басқа мүшелеріне де қолайсыздық тудырғанын айтады. Оның айтуынша, бұрын Әнарудың еркелігіне көнген туыстары да қазір араласуды доғарған.




