Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Рахат Тұрлыханов тұрмыстық жанжал бойынша жазадан құтылып кетті

Бірнеше рет әйеліне қол көтергені үшін полицияға жеткізілген экс-әнші Рахат Тұрлыханов бұл жолы да жазадан жалтарды. Оның жұбайы шағымынан бас тартқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полиция Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі те

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Рахат Тұрлыханов тұрмыстық жанжал бойынша жазадан құтылып кетті
Бірнеше рет әйеліне қол көтергені үшін полицияға жеткізілген экс-әнші Рахат Тұрлыханов бұл жолы да жазадан жалтарды. Оның жұбайы шағымынан бас тартқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полиция Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар жиналып, процессуалдық әрекеттер жүргізілген. Алайда арызданушы тарап шағымынан және ары қарай тергеуге қатысудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылған. Полиция отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты әрбір жағдайда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті. Еске салайық, 15 наурыз күні БАҚ беттерінде қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алматы қалалық полиция департаменті әншінің жұбайын ұрды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған. Қарау қорытындысы бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі (“Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 16 наурызда сот Рахат Тұрлыхановтың ісін қарады. Нәтижесінде сот іс жүргізуді тоқтатып, жұбайының бастапқы арызын ескеріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін істі прокуратура мен полиция департаментіне жолдауға қаулы шығарды.

Ұқсас материалдар

Рахат Тұрлыханов тұрмыстық жанжал бойынша жазадан құтылып кетті · Todayinfo