Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Рахмонов – Махачев жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты

Фото: darteam.kazakhstan Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасы – DAR Team ұйымы жаңа чемпион Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Бәрі осы оқиғаға келе жатқан сияқты ғой.  Шавкат Рахмонов vs

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Рахмонов – Махачев жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты
Фото: darteam.kazakhstan Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасы – DAR Team ұйымы жаңа чемпион Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Бәрі осы оқиғаға келе жатқан сияқты ғой.  Шавкат Рахмонов vs Ислам Махачев», - деп жазылған команданың Instagram-тағы ресми парақшасында.
Ресейлік Ислам Махачев (28-1) 16 қарашада австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді. Осылайша ресейлік спортшы тарихқа енді. Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұр. Биыл қазақстандық жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың 7 желтоқсанында өтіп, онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) ұпай санымен жеңді.

Ұқсас материалдар