Қазгидромет мамандары 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы өзгермелі бұлтты болады.
Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі, шаңды дауылдар мен тұман күтіледі. Астанада ауа температурасы түнде +6–8°C, күндіз +25–27°C болса, Алматыда түнде +11–13°C, күндіз +25–27°C. Шымкентте түнде +14–16°C, күндіз +30–32°C жылы болады.




