Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Алғашқы exit-poll нәтижес жарияланды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Еуразиялық интеграция институты  жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі: «Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда Еуразиялық интеграция инсти

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
Алғашқы exit-poll нәтижес жарияланды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі: «Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы 7 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30-да және сағат 20.30-да жасалды. Референдум учаскілерден шыға берісте респонденттерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды. Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.

Ұқсас материалдар

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды · Todayinfo