Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Құтқарушылар каналға құлаған ботаны аман алып қалды

Қызылорда облысында ТЖМ қызметкерлері каналға құлап, өздігінен шыға алмаған ботаны құтқарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Құтқарушылар каналға құлаған ботаны аман алып қалды
📷 Дереккөз: orda.kz

Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері каналға құлаған ботаны аман алып қалды. Оқиға Махамбет ауылының Байқадамова көшесінде болған.

112 пультіне жануардың Ширкейли каналына түсіп, суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арқан және арнайы жабдықтардың көмегімен ботаны судан абайлап шығарып, жағаға көтерген.

Операция сәтті өтті — жануар ешқандай жарақат алмаған.

Ұқсас материалдар

Құтқарушылар каналға құлаған ботаны аман алып қалды · Todayinfo