Ресейлік танымал тележүргізуші Анна Казючицті дәрігерлер тыныштандыратын дәрілерді шамадан тыс қабылдаудан құтқарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
42 жастағы актриса және НТВ арнасындағы «ДНК» бағдарламасының жүргізушісі Анна Казючицтің тыныштандыратын дәрілерді шамадан тыс қабылдауы салдарынан ауруханаға түскені белгілі болды.
Оқиға туралы алғаш болып Mash басылымы хабарлады.




