ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 наурызда Гризодубова көшесінде еріген қар суы жеке тұрғын үйдің іргелес аумағына жиналып қалды.
«Құтқарушылар дереу көмекке келіп жетті. Жеке құрамнан 4 адам, бір техника және мотопомпа тартылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техникасы да жұмылдырылған. Көп ұзамай ауладағы су сорылып, шығарылды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта жұмыстар толықтай аяқталды. Барлығы 110 текше метр қызыл су сорылған.




