Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Риелторлар айтпайтын шындық: Қазақстанда қандай үйлерді алуға мүлдем болмайды?

Пәтер сатып алу – өмірдегі ең ірі әрі жауапты келісімдердің бірі. Алайда, құжаттағы кішкентай қателік немесе сатушының қулығы сізді баспанасыз да, ақшасыз да қалдыруы мүмкін. Мамандар Қазақстанда қандай үйлерден аулақ болу керектігін ескертті. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Риелторлар айтпайтын шындық: Қазақстанда қандай үйлерді алуға мүлдем болмайды?

Пәтер сатып алу – өмірдегі ең ірі әрі жауапты келісімдердің бірі. Алайда, құжаттағы кішкентай қателік немесе сатушының қулығы сізді баспанасыз да, ақшасыз да қалдыруы мүмкін. Мамандар Қазақстанда қандай үйлерден аулақ болу керектігін ескертті. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Тіпті бағасы нарықтан төмен болып тұрса да, келісімшартқа отырмас бұрын мына жайттарды мұқият тексеріңіз.

1. Сенімхатпен (доверенность) сатылатын үйлер

Егер үй иесі келісімге келмей, орнына өкілін жіберсе – бұл бірінші қауіп сигналы. Сенімхат жалған, мерзімі өткен немесе иесі оны кез келген сәтте күшін жойған болуы мүмкін.

Сақтану жолы:

  • Үй иесінің жеке қатысуын талап етіңіз.

  • Егер ол мүмкін болмаса, нотариус арқылы сенімхаттың түпнұсқа екенін тексеріп, иесімен видеобайланыс арқылы сөйлесіңіз.

2. Заңсыз қайта жоспарлау (Перепланировка)

Техникалық паспорт пен үйдің нақты көрінісі сәйкес келмесе (қабырға құлатылған, балкон қосылған) – бұл үлкен тәуекел. Мұндай үйді ипотекаға алу мүмкін емес, ал заңсыз өзгеріс үшін жауапкершілік жаңа иесінің мойнына ілінеді. Нәтижесінде, сізге айыппұл салынып, бәрін өз қалтаңыздан қалпына келтіруге тура келеді.

3. Жаңа құрылыс пен «мансард» қаупі

Салынып жатқан үйден пәтер алсаңыз, тек «Үлестік қатысу туралы шартқа» (ДДУ) сеніңіз. Егер құрылыс компаниясы «Брондау шартын» немесе басқа қағаздарды ұсынса – бұл заңсыз сауда болуы мүмкін.

Сондай-ақ, цокольдік қабаттар мен мансардтардан сақ болыңыз. Көбіне бұл аумақтар тұрғын үй емес, техникалық бөлме ретінде тіркелген. Заң бойынша, олар барлық тұрғындардың ортақ мүлкі саналады, сондықтан көршілеріңіз сот арқылы бұл «пәтерді» тартып алуы ғажап емес.

4. Мұрагерлік және жиі сатылған пәтерлер

Егер пәтер қысқа уақыт ішінде қолдан-қолға жиі өтсе, демек сатушы қарыздарынан құтылу үшін мүлікті жасырып жатқан болуы мүмкін. Мұндай келісімдер сотта жарамсыз деп танылады.

Ал мұраға қалған үйді сатып алғанда, кенеттен пайда болатын «ұмытылған туыстардан» сақтану үшін e-notary базасын тексеру қажет. Сатушының психикалық жағдайына күмән туса (қарт адам немесе ішімдікке құмар), Психикалық сауықтыру орталығынан анықтама сұрау артық болмайды.

https://todayinfo.kz/paeter-satyp-alwdyng-zhanga-erezhesi-31-tamyzdan-bastap-qoldanysqa-engiziledi/

Ұқсас материалдар