Румынияда әйелдерді өлтіру қылмысы үшін жазаны қатаңдататын жаңа заң күшіне енді. Енді мұндай қылмыстар «фемицид» деп аталатын жеке санатқа бөлініп, ең ауыр жағдайда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Todayinfo.
Президент Никушор Данның айтуынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі ұзақ уақыт бойы бағаланбай келген, ал мемлекеттің реакциясы жеткілікті қатаң болмаған. Жаңа заң әйелдер мен балаларды қорғауды нақты жұмыс істейтін механизмге айналдырады.
Жаңа нормалар бойынша, фемицид үшін 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ең ауыр жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Статистика бойынша, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында ғана отбасылық жанжалдар салдарынан 33 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі әйелдер.




