Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: Екіжақты қатынастар мен ЕАЭО мәселелері талқыланады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мәселелер талқыланады.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: Екіжақты қатынастар мен ЕАЭО мәселелері талқыланады
📷 Дереккөз: Ақорда

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, сапар 27-29 мамыр аралығына жоспарланған. Бұл келіссөздер екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшылары кездесу барысында қазіргі жағдай мен болашақ перспективаларды талқылайды.

Сонымен қатар, 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Ұқсас материалдар

Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: Екіжақты қатынастар мен ЕАЭО мәселелері талқыланады · Todayinfo