Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Садриддин Ахмедов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та өткен бокс кешінде орта дивизиондағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл ретте Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер ұйымдастырған Санта-Йнесе қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсе

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Садриддин Ахмедов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді
  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та өткен бокс кешінде орта дивизиондағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл ретте Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер ұйымдастырған Санта-Йнесе қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Орта салмақтағы 26 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы 30 жастағы америкалық боксшы Антонио Тодд болды. Айта кетсек, Садриддин Ахмедов АҚШ-та осы дивизионда алғаш рет жұдырықтасып отыр. Ол бірінші раундта-ақ нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, кәсіпқой рингте 14 рет (оның 12-сі мерзімінен бұрын) жеңіске жетті.  

Ұқсас материалдар

Садриддин Ахмедов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді · Todayinfo