Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар»: Роза Рымбаева шығырмашылығы туралы сөз қозғады

Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта шығармашылық жолын қайта ой елегінен өткізіп, өнердегі келесі қадамы туралы ойын бөлісті. Өнер иесі бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, өткен өмір жолын саралаған сәтте

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар»: Роза Рымбаева шығырмашылығы туралы сөз қозғады
Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта шығармашылық жолын қайта ой елегінен өткізіп, өнердегі келесі қадамы туралы ойын бөлісті. Өнер иесі бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, өткен өмір жолын саралаған сәтте сахнаға жетелеген жандар, әсіресе өмірлік серігі Тасқын жиі көз алдына келген.
«Биыл өткен өмір жолым мені көп ойға қалдырды. Алғаш сахнаға жетелеп әкеліп, тәрбиелеп, бүгінгі деңгейге жеткізген жолдасым Тасқын көз алдыма келді. Сол сәтте «сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар» деген ой да мазалады. Кейбірі айтады, жастарға орын бермейсің бе деп. Мен бұнымен келіспеймін. Ешкімнің жолын бөгеп жүрген жоқпын. Мүмкін үлкен жобаларға емес, тек концерттерге қатысып жүремін бе деген ой келді. Бірақ осы концерттердің сұранысына қарап көрермен көптен күткенін байқадым», – деді өнер иесі.
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Ұқсас материалдар

«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар»: Роза Рымбаева шығырмашылығы туралы сөз қозғады · Todayinfo