Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Салық кодексі Құран сөзі емес»: Тоқаевтың тосын теңеуінен соң Жұманғариннің "жүні жығылды"

«Салық кодексі Құран сөзі емес». Тоқаевтың бір ауыз сөзі Үкімет қабырғасында қызу талқының басталуына түрткі болды. Ал осы күнге дейін кәсіпкерлердің қарсылығына тап болса да бет бақтырмаған Жұмағарин аяқ астынан жұмсарып қалды, деп жазады Todayinfo порталы. Олжас Бектенов Үкімет

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Салық кодексі Құран сөзі емес»: Тоқаевтың тосын теңеуінен соң Жұманғариннің "жүні жығылды"
«Салық кодексі Құран сөзі емес». Тоқаевтың бір ауыз сөзі Үкімет қабырғасында қызу талқының басталуына түрткі болды. Ал осы күнге дейін кәсіпкерлердің қарсылығына тап болса да бет бақтырмаған Жұмағарин аяқ астынан жұмсарып қалды, деп жазады Todayinfo порталы. Олжас Бектенов Үкімет отырысында президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын орындау үшін нақты әрі жүйелі жұмыс қажет екенін министрлер мен әкімдерге ескертті. Әсіресе халық арасында қарсылық тудырған жаңа Салық кодексіне өзгеріс енгізу мәселесіне жеке тоқталды.
«Президент жаңа Салық кодексі ешқашан қатып қалған, өзгертуге болмайтын құжат ретінде қарастырылмауы керектігін ескертті. Сондықтан сізге, Серік Мақашұлы (Жұманғарин), халық пен бизнестен түскен барлық ұсынысты мұқият жинақтап, талдау жасауды тапсырамын. Ұлттық палата «Атамекен», экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі жұмыс жүргізіңіз. Аймақтардың да осы іске белсенді араласуы қажет. Қоғамды толғандырған мәселелерді жедел қарап, нақты ұсыныстар енгізіңіздер», – деді Олжас Бектенов.

Жұмсарған Жұмағарин жанжалды қаламайды

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін тиімді әрі жан-жақты енгізу үшін арнайы жоба кеңсесі құрылатынын мәлімдеді. Ол ұрыс-керіссіз өткізуге уәде берді.
«Кеңсе бизнестің барлық сұрағы мен ұсынысын жинақтайтын, келісімді шешім қабылдап, мемлекеттің біртұтас ұстанымын қалыптастыратын орталық болады. Әр ұсыныс жіті зерделеніп, қажеттілік туындаған жағдайда кодекске түзету енгізіледі. Осы арқылы біз жаңа Салық кодексіне кикілжіңсіз, үйлесімді түрде өтуді қамтамасыз етеміз», – деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта іске асатын өзгерістер бизнестің тынысын кеңейтіп, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған тұрақты экономикалық өсімге жол ашады.

Президенттің пәрмені

Еске салсақ, апта басында Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда президент Тоқаев жаңа Салық кодексіне қоғамның орынды ұсыныстарын ескере отырып, қажетті өзгеріс енгізуді тапсырған еді.
«Салық кодексі Құран сөзі емес. Оған өзгеріс енгізуге әбден болады. Халықтың сындарлы ұсыныстарын мұқият зерделеу керек», – деген еді Президент.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген еді. Ең қызығы, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзін «жаңа салық реформасының әкесі» деп атаған болатын. Шендінің қымбатшылық болмайды деген болжамы орындалмай, жаңа жыл бастала саласымен барлық жерде баға күрт көтеріліп жатыр. Фото: Үкімет

Ұқсас материалдар

«Салық кодексі Құран сөзі емес»: Тоқаевтың тосын теңеуінен соң Жұманғариннің "жүні жығылды" · Todayinfo