Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Санжар Тайжанның туындысы Лондонда «2025 жылдың стартапы» атанды

Қазақстандық кәсіпкер Sanzhar Taizhan негізін қалаған батарея стартапы Лондонда өткен халықаралық MOVE конференциясында «2025 ЖЫЛДЫҢ СТАРТАПЫ» аталымын жеңіп алды. Бұл - әлемдегі ең ірі көлік және автоөнеркәсіпке арналған стартаптар байқауы, деп хабарлайды Todayinfo. «Біздің стар

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Санжар Тайжанның туындысы Лондонда «2025 жылдың стартапы» атанды
Қазақстандық кәсіпкер Sanzhar Taizhan негізін қалаған батарея стартапы Лондонда өткен халықаралық MOVE конференциясында «2025 ЖЫЛДЫҢ СТАРТАПЫ» аталымын жеңіп алды. Бұл - әлемдегі ең ірі көлік және автоөнеркәсіпке арналған стартаптар байқауы, деп хабарлайды Todayinfo.
«Біздің стартап 200 жобаның ішінен үздік деп танылды. Конференцияға 5 000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында Mercedes-Benz, BMW, Hyundai компанияларының жетекшілері болды. LG компаниясының бас директорымен бірге жеңісті атап өткен түскі ас — өз алдына ерекше әсер», – деп жазды Sanzhar Taizhan өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
MOVE – көлік, технология және тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшыларды біріктіретін беделді платформа. Конференция жыл сайын Лондонда өткізіліп, жаңашыл шешімдер мен экологиялық тиімді жобаларға басымдық береді. Sanzhar Taizhan-ның жобасы — энергия сақтау мен аккумулятор технологиясына бағытталған инновациялық стартап. Оның бұл жетістігі қазақстандық жас кәсіпкерлер мен инноваторларға жол ашатын маңызды қадам ретінде бағалануда.  

Ұқсас материалдар

Санжар Тайжанның туындысы Лондонда «2025 жылдың стартапы» атанды · Todayinfo