Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Сергелдеңге түскен 85 %»: алпауыт компанияларға ЖИ мамандары жетіспей жатыр

Қазақстандық компаниялардың 85%-і жасанды интеллект мамандарын іздеп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс жас мамандарға қауіп төндіруі мүмкін.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
«Сергелдеңге түскен 85 %»: алпауыт компанияларға ЖИ мамандары жетіспей жатыр
Қазақстандық компаниялардың 85%-і қазірдің өзінде жасанды интеллект (ЖИ) мамандарына зәру екенін мәлімдеді. Бұл үрдіс жас мамандардың еңбек нарығындағы орнын айтарлықтай өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Сарапшы Арман Шоқпаровтың бастамасымен өткен зерттеуге 78 компанияның өкілі қатысқан. Оның мақсаты – бизнестің жасанды интеллект құралдарын енгізуге деген қажеттілігін анықтау.
"Өткен жылдан бері маған ең жиі қойылатын сұрақ: «Жасанды интеллект бізді алмастыра ма?». Осы сұраққа жауап табу үшін сауалнама өткіздім. Респонденттердің 60%-і – жергілікті жекеменшік компаниялардың топ-менеджерлері, 10%-і – шетелдік ұйымдар, ал 8%-і – мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың өкілдері", - дейді Арман Шоқпаров.
Зерттеуге сәйкес, компаниялар жасанды интеллектіні негізінен бірсарынды процестерді автоматтандыру (74%), мәтінді өңдеу (65%), шешім қабылдауға интеллектуалды қолдау көрсету (55%) және визуалды деректерді өңдеу (40%) үшін пайдаланады. Айта кетерлігі, ЖИ технологияларын енгізгеннен кейін қызметкерлерді қысқарту туралы бірде-бір компания айтпаған. Алайда сарапшы жаңа үрдістің жас мамандарға әсер ететінін атап өтті.
"Респонденттердің барлығы дерлік бизнестің жасанды интеллектіні жас мамандардың (джундардың) тапсырмаларын орындау үшін қолданатынын айтты. Сондықтан компаниялар енді олардың қызметіне аз мұқтаж болып, тәжірибелі қызметкерлерді іздеуге көбірек көңіл бөліп отыр. Болжам бойынша, нарықта классикалық жас мамандар азаяды: оларға жоғары оқу орындарында ұзағырақ білім алып, нарыққа дайын маман болып келуге тура келеді", - деп түсіндірді сарапшы.
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан компаниялардың 45%-і ЖИ-мен жұмыс істеу дағдысы бар мамандарды белсенді түрде іздеп жатқанын жеткізді. Ал қызметкерлерді оқыту мәселесінде компаниялардың 38%-і ішкі ресурстарды пайдаланса, 26%-і қызметкерлер нейрондық желілерді өз бетінше үйренуі керек деп санайды.
"Биыл сауалнамаға қатысушылардың 11%-і 20-дан астам ЖИ маманын, 19%-і 10-нан 20-ға дейін маманды жұмысқа алады. 40%-і 10-ға дейінгі маманға жұмыс ұсынуға дайын. Бұл үрдіс алдағы 1-2 жылда тек күшейе түсетініне сенімдімін", - деп қорытындылады Арман Шоқпаров.
Фото: ЖИ

Ұқсас материалдар

«Сергелдеңге түскен 85 %»: алпауыт компанияларға ЖИ мамандары жетіспей жатыр · Todayinfo