Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сауд Арабиясы бас тартты: 2029 жылғы Азиада ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Бұған дейін бұл ойындарды өткізуден Сауд Арабиясы бас тартқан болатын.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Сауд Арабиясы бас тартты: 2029 жылғы Азиада ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын қабылдайтын болды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қаламен келісімге 5 ақпан, бейсенбі күні Италияның Милан қаласында қол қойылады деп күтілуде.

Бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеті мен АОК бірлескен мәлімдеме жасап, турнирдің белгісіз мерзімге шегерілгенін хабарлаған еді.

Айта кетерлігі, алдағы қысқы құрлықтық ойындар 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Сауд Арабиясы бас тартты: 2029 жылғы Азиада ойындары Алматыда өтеді · Todayinfo