«Бұрын Семейдің жасыл желекті қала болғанын тарихтан білеміз. Соны қалпына келтіруіміз керек. Ағашты көп егуіміз қажет. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар. Қасымызда қарағайлы орман тұр. Алдағы уақытта облыс орталығының көркін кіргізіп, ажарын ашу үшін қаланың шетіндегі мың гектардан астам аумақта жаңа ықшам аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда әкімшілік ғимараттар, мәдени-спорт нысандары, жаңа саябақтар бой көтереді. Төрт апта бойы жалғасқан сенбілік барысында қаламыз айтарлықтай тазарып қалды. Тұрғындар белсенді қатысуда. Әлі де бірлесе атқаратын жұмыс көп», – деді облыс әкімі.
Семейде мың гектардан астам аумаққа жаңа ықшам аудан салынады
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Қарағайлы» ықшам ауданында өткен сенбілікте Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру керектігін айтты. Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламас

Абай облысының әкімі Берік Уәли «Қарағайлы» ықшам ауданында өткен сенбілікте Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру керектігін айтты.
Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында 350 түп терек егілді.
Өңір басшысы қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·