"Сенген қойым сен болсаң..." 8 айда 95 полицей сотталған
Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, айыптау үкімінің 80%-ы ҚР ҚК-нің «Пара алу» (47 адам) және «Алаяқтық» (27 адам) бойынша шығарылған. Сәйкесінше, сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар өте сирек: • пара беру – 7 адам; •&nb

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, айыптау үкімінің 80%-ы ҚР ҚК-нің «Пара алу» (47 адам) және «Алаяқтық» (27 адам) бойынша шығарылған.
Сәйкесінше, сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар өте сирек:
• пара беру – 7 адам;
• парақорлыққа делдал болу – 5 адам;
• құзыреттілікті асыра пайдалану – 4 адам;
• қызметтегі әрекетсіздік – 3 адам;
• өкілеттікті асыра пайдалану – 2 адам.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық істері бойынша барлығы 557 адам, оның ішінде полицейлер де сотталған. Олардың 182-сі бас бостандығынан айырылып (50% жағдайда бес жылдан аспайтын мерзімге), 247-сі айыппұл төлеуге міндеттелді (жалпы сомасы 3,4 млрд теңге), – делінген хабарламада.
Айта кетсек, сот үкімі бойынша сотталғандардың 56-сы немесе жалпы санының 10%-ы жазаға тартылмаған.
Сондай-ақ, жеті ай ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталғандарды тек екі рет ақтаған, екеуінде де полиция қызметкерлеріне қатысты болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·