Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Серік Ахметов көптен кейін жұрт алдына шықты

Экс-премьер Серік Ахметов Қарағандыда өткен Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдық мерейтойына қатысты. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қарағандыда қазақтың көрнекті ақыны Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдық мерейтойы салтанатты

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Серік Ахметов көптен кейін жұрт алдына шықты
Экс-премьер Серік Ахметов Қарағандыда өткен Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдық мерейтойына қатысты. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қарағандыда қазақтың көрнекті ақыны Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдық мерейтойы салтанатты түрде өтті. Мерекелік кешке еліміздің саяси және мәдени элитасы жиналды. Шарадан естелік ретінде танымал журналист Бигелді Ғабдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сурет жариялап, мерекелік кештің елдік деңгейде аталып өткенін атап өтті.
«Кеше Сарыарқаның жүрегі – Қарағанды қаласында қазақтың талантты ақыны Серік Ақсұнқардың мерейтойы өтті. Бұл той тек осы өңірдің емес, бүкіл қазақ елінің мерекесі болды», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Серік Ахметов 2012 жылдан 2014 жылға дейін Премьер-министр қызметін атқарды. Одан кейін Қорғаныс министрлігін басқарған болатын. 2015 жылы оған аса ірі көлемде пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, бюджет қаражатын жымқырды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар тағылды. 2017 жылы Ахметов жазаның бас бостандығын шектеуге, яғни шарттыға ауыстырылуына байланысты түрмеден босатылды. Содан бері экс-премьер көпшілік алдында көрінбей кеткен болатын.      

Ұқсас материалдар

Серік Ахметов көптен кейін жұрт алдына шықты · Todayinfo