Белгілі боксшы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты даулы іске нүкте қойылды. Қызметінен өз еркімен кеткендіктен, екеуі де ешқандай жазаға тартылмайтын болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл шешім Қарағандыда өткен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қабылданды. Кеңес мүшелері қоғамда резонанс тудырған оқиғаны талқылап, Сәпиев пен Есімхановтың әрекетінде мемлекеттік қызметшіге тән әдеп нормаларын бұзу фактісі болғанын растады.
Алайда, екі шенеунік те кеңес отырысының қорытындысын күтпестен, қызметтерінен өз еріктерімен кету туралы өтініш жазған. Осыған байланысты Әдеп кеңесі оларға қатысты тәртіптік жаза қолдануды тоқтатты.
Жиын барысында алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
Фото: Әлеуметтік желіден




