Серік Сәпиев кабинетінен атып шығып, қашқан: олимпиада чемпионының орынбасарымен төбелесінің видеосы шықты (ВИДЕО)
Қарағанды қаласында бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановтың төбелесін видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Блогер Айсұлтан Жақыпов жариялаған бейнежазбада Серік Сәпиевтің кабинетінен атып шығып, алды-артына қарамай қашқанын анық көруге

Қарағанды қаласында бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановтың төбелесін видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.
Блогер Айсұлтан Жақыпов жариялаған бейнежазбада Серік Сәпиевтің кабинетінен атып шығып, алды-артына қарамай қашқанын анық көруге болады. Артынан орынбасары да шығады. Олар кабинет ішінде алысқан, костюм киіп кірген олимпиада чемпионы көйлекшең шықты. Даурен Есімханов есікті жауып алған соң, Сәпиев қайта келіп, есіктің тұтқасынан тартқылады. Видеодан оның ғимарат ішіндегі адамдарды оқиға орнына шақырғаны байқалады.
Еске салалйық, Қарағандыда спорт кешенінде Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болған еді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 42 жастағы қала тұрғынының арызы негізінде 21 қаңтарда болған ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Межпартийные теледебаты выйдут в эфире республиканских телеканалов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
БАҚ өкілдері ағартушылық жұмыс арқылы елдік мүддеге қызмет ету керек - Нұркен Асанов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жеребьевка в ЦИКе: в каком порядке партии будут представлены в бюллетене?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·