Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шайдоровтың жеңісі жай ғана сәттілік пе: бапкері сыншыларға жауап берді

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов спортшының жеңісін "сәттілік" деп атаған сыншыларға қатаң жауап берді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Шайдоровтың жеңісі жай ғана сәттілік пе: бапкері сыншыларға жауап берді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов спортшының тарихи жеңісін «бәсекелестерінің сәтсіздігімен» байланыстырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұған дейін кейбір шетелдік басылымдар Шайдоровтың жеңісін басты фавориттердің қателікке бой алдыруымен түсіндірген еді. Алайда ресейлік маман бұл пікірмен келіспейтінін ашық айтты.
"Біріншіден, сәттілік әрқашан мықтыларға серік болады. Басқалардың не істегеніне біз жауап бермейміз, ол — олардың өз шаруасы. Менің ойымша, Михаил Шайдоров бұл күресте сөзсіз жеңіске жетті. Ол бұл доданы 100, 200, тіпті миллион пайызға жеңіп алды", - деді Урманов.
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында болғанымен, еркін бағдарламада қарсыластарының қателіктерін ұтымды пайдаланып, жалпы 291,58 ұпай жинады да, сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Шайдоровтың жеңісі жай ғана сәттілік пе: бапкері сыншыларға жауап берді · Todayinfo