Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Көктоғай курортында турист әйелге қар барысы шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo CGTN- ге сілтеме жасап.
Оқиға әйелдің тау шаңғысы курортында екі досымен бірге қонақүйге қайтып келе жатқан сәтінде болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел қардың үстінде қозғалыссыз жатыр, оны қар жанында қар барысы күзетіп отыр. Оны адамдар құтқарып алған кезде, бетінің қан жоса болғаны көрінеді. Кейін ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі жағдайы тұрақты.
Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Шабуылдан кейін жергілікті билік туристерге жабайы жануарлардан арақашықтық сақтауға шақырды.
Фото: скрин



