Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына қатысты күдікті атанды
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс аясындағы тергеу жалғасып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған іс бойынша Гулайым Рахмонова күдікті ретінде танылған. Қазірг

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс аясындағы тергеу жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған іс бойынша Гулайым Рахмонова күдікті ретінде танылған. Қазіргі таңда тараптар тергеу материалдарымен танысу сатысынан өтіп жатыр.
Жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы–Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлікті басқарған Гулайым Рахмонова көлікті игере алмай, соның салдарынан көлік аударылған.
Апат салдарынан екі әйел оқиға орнында қаза тауып, спортшының жұбайы мен оның баласы медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Кейінірек Жамбыл облысы полиция департаменті апат орнынан түсірілген бейнежазбаны жариялап, кадрларда көліктің қатты зақымданғаны, бір дөңгелегінің жұлынып кеткені және бөлшектердің жан-жаққа шашылғаны анық көрінетінін хабарлаған.
Коллаж: cmn.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
05 Маусым 2026, 15:35 Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Жаннұр Еділбаева·