Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Шерзат ісі: келесі сот отырысының мерзімі белгілі болды

  Судья Ерлан Жанұзақовтың мәлімдемесіне сүйенсек, сот процесіне қатысушылардың толық тізімі жарияланды және келесі сот отырысының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Сотталушылар мен олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің заңды өкілдері м

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шерзат ісі: келесі сот отырысының мерзімі белгілі болды
 Судья Ерлан Жанұзақовтың мәлімдемесіне сүйенсек, сот процесіне қатысушылардың толық тізімі жарияланды және келесі сот отырысының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Сотталушылар мен олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің заңды өкілдері мен адвокаттары ашық түрде аталды. Бас сот талқылауы 2025 жылдың 17 сәуірінде Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында ашық форматта және қазақ тілінде өтеді. Қылмыстық іс ауқымды тергеуден өткен: 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған, ал істің материалдары 62 томды құрайды. Бұл істің күрделілігі мен қоғамдық резонанс тудырғанын көрсетеді. Оқиғаның бастауы былтыр, яғни 2024 жылдың қазан айында Талғар қаласында болған төбелеске барып тіреледі. Төбелес нәтижесінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан, ал кейіннен оның отбасының үйі өртеніп кеткен. Полиция бұл оқиғаны бөтеннің мүлкін қасақана жою ретінде тіркеп, қосымша іс қозғаған.  

Ұқсас материалдар

Шерзат ісі: келесі сот отырысының мерзімі белгілі болды · Todayinfo