Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ержан Жанұзақов шешім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы
Судья Абзал Шынасылға 23 жыл, Равиль Сәкиевке 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, Шыңғыс Белғожаевқа 7 жыл, Дархан Әскентайға 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа 9 жыл, Нұрбол Тоқтаубаевқа 7 жыл, Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Дуиан Ысқаққа 1 жыл 6 ай мерзім берді.
Осыған дейін прокурор Дана Сәрсембай Думан Ысқақты (кәмелетке толмаған) қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша 1,5 жылға соттауды, Дархан Әскентайды, Шыңғыс Белғожаевты, Нұрбол Тоқтаубаевты, Дидар Қалиахметті 293-баптың 7 бөлігімен кінәлі деп танып, оларды 7 жылға соттауды сұрады.
Прокурор сонымен қатар өздеріне тағылған айыптар бойынша Нұрқияс Ілиясовты 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға (өтелмеген жазасын қосқанда), Равиль Сәкиевті 20 жылға, ал Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды өтінді.




