Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шетелден әкелген 304 мыңнан астам көлік тіркелді

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізге шетелден былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру жұмысы одан әрі жалғасып жатыр. Заңдастыру аясында барлығы 304 мыңнан астам автокөлік Қазақстанның нөмірін

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Шетелден әкелген 304 мыңнан астам көлік тіркелді
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізге шетелден былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру жұмысы одан әрі жалғасып жатыр. Заңдастыру аясында барлығы 304 мыңнан астам автокөлік Қазақстанның нөмірін алып, тіркелген. Оның ішінде 21 мың автоконструктор мен 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды. Енді әлі күнге дейін заңдастырылмаған шетелдік автокөліктер техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес барлық төлемдерді төлеп, тіркеле алады. Ал егер автокөлік иелері көліктерді тіркеп үлгермесе немесе тіркегісі келмесе, белгіленген тәртіпке байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz

Ұқсас материалдар

Шетелден әкелген 304 мыңнан астам көлік тіркелді · Todayinfo