Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген

ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы төленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 1

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген
ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы төленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетілген. Нәтижесінде, банкрот деп танылған кәсіпорынның мүлкі сатылып, қызметкерлерге төленбей келгент қарыз толығымен өтелді.

 

Ұқсас материалдар

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген · Todayinfo