Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен.
Ауыр жарақат алған қызметкер оқиға орнында қаза тапты. Қазір оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.
Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.




