Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ШҚО мен Абай облысында жер сілкінді

2025 жылғы 23 шілдеде, Астана уақытымен сағат 15:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді,деп  хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жер сілкінісінің эпицентр

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
ШҚО мен Абай облысында жер сілкінді

2025 жылғы 23 шілдеде, Астана уақытымен сағат 15:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді,деп  хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Сейсмикалық дүмпулер Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде сезілді. Дүмпудің қарқындылығы 2-ден 4 баллға дейін тіркелді.

4 баллға дейін сезілген аймақтар:

  • Абай облысы: Көкпекті, Жарма, Ақсуат аудандары, Қалбатау және Көкпекті ауылдары

  • ШҚО: Самар, Ұлан аудандары, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов кенті

3 балл сезілген елді мекендер:

  • ШҚО: Күршім, Алтай (Зырян), Риддер, Катонқарағай, Шемонаиха, Глубокое аудандары

  • Абай облысы: Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы

2 балл сезілген елді мекендер:

  • Абай облысы: Аягөз, Семей, Мақаншы, Үржар, Бесқарағай, Абай, Жаңасемей, Бородулиха, Қарауыл ауылы

  • ШҚО: Құршым, Зайсан, Марқакөл, Буран, Катонқарағай

🟦 Қирау мен зардап шеккендер жоқ

ҚР ТЖМ мәліметіне сәйкес, қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген. Тиісті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ұқсас материалдар

ШҚО мен Абай облысында жер сілкінді · Todayinfo