Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мақпал Жүнісова өскемендік жол сақшыларына өкпесін айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің әрекетіне наразылығын білдірді. Әншінің көлігі тоқтатылып, айыппұл салынған.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Мақпал Жүнісова өскемендік жол сақшыларына өкпесін айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол патрульдік полициясы қызметкерлеріне қатысты ренішін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, ол гастрольдік сапармен Шығыс Қазақстанға барған кезде мінген көлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан.

Әншінің сөзінше, олар көлікті біраз уақыт жібермей, кейін айыппұл салған.

Осы жағдайға байланысты әнші әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Мен шықтым, амандастым, пысқырған да жоқ. Әй, еркектер-ай!

Мақпал Жүнісованың бұл сөздері қоғамда қызу талқыға түсіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметкерлерінің этикасы туралы мәселені көтерді.

Ұқсас материалдар