«Ағаштар құлап, бірнеше үй мен шаруашылық нысандардың шатырлары ұшып кеткен», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.Ұлан ауданының Бозанбай ауылында қатты жел салдарынан балабақшаның сыртқы жабындысы ұшып кетіп, футбол алаңы да зақымданған. Ал облыс орталығы Өскемен қаласында, еліміздегі ірі діни нысандардың бірі – «Халифа Алтай» мешітінің күмбезі сынғаны хабарланды. Күмбезді жөндеу жұмыстарына демеушілер мен жергілікті кәсіпкерлер көмектескен. Дауыл Өскемен қаласының бірқатар көшелерінде де залал келтірді. Атап айтқанда, Островский, Прибрежная, Демьян Бедный, Добролюбов, Сәтпаев, Ғ. Аязбаев көшелерінде ағаштар құлап, жол қозғалысына кедергі келтірген. Сонымен қатар, Есенберлин көшесінде бағдаршам істен шыққан, бірнеше жол белгілері құлаған. Қазір табиғи апаттың салдарын жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Шығыс Қазақстандағы дауыл салдарынан мешіт күмбезі, балабақша мен мыңнан аса үй зардап шекті
Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада соққан қатты дауыл салдарынан бірқатар елді мекендер мен нысандар зардап шекті. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. Әсіресе Риддер қаласында табиғи апаттың салдары қатты байқалды. Қаладағы ин

Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада соққан қатты дауыл салдарынан бірқатар елді мекендер мен нысандар зардап шекті. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo.
Әсіресе Риддер қаласында табиғи апаттың салдары қатты байқалды. Қаладағы инфрақұрылым бұзылып, көптеген тұрғын үйге материалдық зиян келтірілген. Сонымен қатар, электр беру желілері зақымданып, 1237 үй жарықсыз қалған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Екінші маусымда үйден шығып кеткен»: Қызылордада каналдан қыздың денесі табылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Талдықорғанда 3 жасар қызы мен әйелін сабаған ер адам ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
США и Иран обменялись ударами в районе Ормузского пролива
Жаннұр Еділбаева·