Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шымкентте белгілі журналист Мөлдір Нұрман қамауға алынды

Шымкент қаласында белгілі журналист және Түркістан облысы бойынша Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия филиалының жетекшісі Мөлдір Нұрман полиция тарапынан қамауға алынып, үйінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Осы оқиғаға байланысты Qa

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Шымкентте белгілі журналист Мөлдір Нұрман қамауға алынды

Шымкент қаласында белгілі журналист және Түркістан облысы бойынша Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия филиалының жетекшісі Мөлдір Нұрман полиция тарапынан қамауға алынып, үйінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы оқиғаға байланысты Qaz365.kz редакциясы Шымкент қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Алайда, үш сағаттан астам уақыт өтсе де, полиция тарапынан ешқандай ақпарат берілмеді. Департаменттің баспасөз қызметі журналистің қамауға алынуы мен үйінде тінту жүргізілгені туралы мәліметті растап немесе жоққа шығара алмады.

Екі күн бұрын Мөлдір Нұрман әлеуметтік желідегі тікелей эфирде елдегі әлеуметтік мәселелерді көтерген болатын.

Ұқсас материалдар

Шымкентте белгілі журналист Мөлдір Нұрман қамауға алынды · Todayinfo