«Балалар қазір жақын туыстарының қарауында. Олардың жағдайын ювеналды полиция мен қамқоршылық органдары тұрақты түрде қадағалап отыр», – деді вице-министр.Сондай-ақ, ол күдіктінің өз-өзіне қол салу әрекетіне қатысты ақпараттың шынайылығын тексеруге уәде берді.
Шымкентте ер адам бұрынғы жұбайының тамағын осып, ауыр жарақат келтірген
Шымкентте бірнеше күн бұрын тіркелген тұрмыстық сипаттағы ауыр қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ер адам бұрынғы жұбайын аңдып жүріп, оған пышақпен шабуыл жасаған. 33 жастағы әйелдің тамағы кесіліп, омыртқа жотасына зақым келген. Қазіргі таңда дәрігерлер оның сал болып қалу

Шымкентте бірнеше күн бұрын тіркелген тұрмыстық сипаттағы ауыр қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ер адам бұрынғы жұбайын аңдып жүріп, оған пышақпен шабуыл жасаған. 33 жастағы әйелдің тамағы кесіліп, омыртқа жотасына зақым келген. Қазіргі таңда дәрігерлер оның сал болып қалу қаупі бар екенін айтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Жәбірленуші – төрт баланың анасы. Қоғам бұл оқиғаға бейжай қарамай, әлеуметтік желілерде әділ тергеу талап етуде.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, күдікті өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған. Ол мұны жауапкершіліктен жалтарудың тәсілі ретінде қарастырып отыр.
Мәжіліс кулуарында өткен брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл істің тергеуі тікелей өзінің бақылауында екенін мәлімдеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·