Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шымкентте футболдан бозбалалар арасында төбелес болды: олар өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін (ВИДЕО)
Шымкент қаласында 2011 жылғы туғандар арасындағы футбол орталықтары мен академиялар чемпионаты аясында өткен "Туран" мен "Екібастұз" арасындағы ойында жаппай төбелес тіркелді, деп хабарлайды todayinfo.kz Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы ресми ұстанымын білдірді. ҚФФ

Шымкент қаласында 2011 жылғы туғандар арасындағы футбол орталықтары мен академиялар чемпионаты аясында өткен "Туран" мен "Екібастұз" арасындағы ойында жаппай төбелес тіркелді, деп хабарлайды todayinfo.kz
Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы ресми ұстанымын білдірді.
ҚФФ атап өткендей, мұндай жағдайлар футболдың негізгі қағидалары мен спорт құндылықтарына мүлдем сай келмейді. Футбол — өзара сыйластыққа, адал жарысқа және Fair Play қағидаттарына сүйенетін спорт түрі. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ойындарда агрессия мен күш қолдану — спорттық этикаға және адамгершілік нормаларына қайшы.
Оқиғаға қатысты бейнежазбалар мен төрешілер хаттамалары Бақылау-тәртіптік және этика комитетіне жолданды. Бұл мәселе бойынша комитеттің отырысы келесі аптада өтеді. Тәртіп бұзғандар қатаң жазаланып, кейбірі футболдан өмір бойына шеттетілуі мүмкін.
Федерация елдегі футболдың таза әрі әділ өтуі үшін ережелер мен этикалық талаптардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы жасөспірімдер арасында өткен "Тұран" мен "Екібастұз" кездесуі жаппай төбелеспен аяқталған еді.
Фото: видео скриншот
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·