Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Ғұсман Қосановтың құрметіне арналған дәстүрлі жарыс биыл 35-рет ұйымдастырылды. Турнирге 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысып, бірнеше жеңіл атлетика дисциплинасы бойынша үздіктер анықталды.

Әйелдер арасындағы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қазақстандық спортшылар жүлделі үш орынды да иеленді.

1-орын – Аделина Земс (Қазақстан) – 55.69 секунд.

2-орын – Анастасия Колода (Қазақстан) – 59.66 секунд.

3-орын – Екатерина Колода (Қазақстан) – 1:00.30.

Аделина Земс финалда 55.69 секунд нәтиже көрсетіп, XXXV Qosanov Memorial турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, жарыс халықаралық World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енгізілген.