Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шымкенттегі балабақша: Тәрбиеші бүлдіршіндерді шприцпен қорқытып, қол көтерген

Шымкенттегі №59 балабақшада тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытқан. Білім басқармасы бұл деректі растап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Шымкенттегі балабақша: Тәрбиеші бүлдіршіндерді шприцпен қорқытып, қол көтерген

Шымкенттегі №59 «Айша» мемлекеттік балабақшасында тәрбиешінің балаларға психологиялық және физикалық қысым көрсеткені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, Тұран ауданында орналасқан бөбекжайдың «Бәйтерек» мектепалды тобының тәрбиешісі Р.М. есімді қызметкер балаларды шприцпен қорқытып, оларға қол көтерген. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, ата-аналардың наразылығын туғызды.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары мен салалық басқарма өкілдері, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

«Балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету белгілері анықталғаны жөнінде мәлімет түсті. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі», - деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова.

Басқарма өкілдері тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын жеткізді. Бұл мәселе қала әкімдігінің тікелей бақылауына алынған.

Фото: Видеодан скрин

Ұқсас материалдар

Шымкенттегі балабақша: Тәрбиеші бүлдіршіндерді шприцпен қорқытып, қол көтерген · Todayinfo