"Бір қызығы, жасанды "қазақстандық" дегеннің емес, "қазақ" деген ұғымның төңірегіне топтасу байқалады. "Қазақ" сөзі этнонимнен (этникалық топтың атауы) демонимге (азаматтық біріктірген топтың атауы) айналып келеді. Яғни, "қазақ" деген сөз этникалық ұлтты ғана емес, азаматтық ұлтты да білдіретін ұғым ретінде бекіп жатыр", - деп жазды ол.Осыған байланысты ол спортшылардың өздерін "қазақпыз" деп батыл айта алатынын, тіпті Конституцияға "Қазақстан азаматтары "қазақ" деп аталады" деген норма қосуға болатынын алға тартады. Сонымен қатар, сарапшы желідегі пікірталаста қазақтілділер мен орыстілділердің бірлесіп тойтарыс бергеніне назар аударды. Оның пікірінше, бұл ұлт екі тілде сөйлесе де, мықты ұлттық бірегейлік қалыптаса алатынын көрсетеді. Шыңғыс Мұқан кез келген ұлттық бірегейліктің негізінде мәдениет жататынын, ал қазақ бірегейлігін біріктіретін күш – қазақ мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі екенін атап өтті. Ол мұндай жеңістер қазақ бірегейлігін одан әрі нығайта түсетініне сенімді. Фото: Сали Сабиров
Шыңғыс Мұқан: "Қазақ" сөзі енді тек ұлт емес, азаматтық ұғымға айналуда
Саясаттанушы Шыңғыс Мұқан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қатысты желідегі дауды талдап, "қазақ" ұғымының мағынасы өзгергенін айтты.

Белгілі саясаткер, баспагер Шыңғыс Мұқан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты "қазақ" деп таныған қоғамдық пікірге қатысты ойын білдіріп, бұл құбылыстың астарында ұлттық бірегейліктің нығаюы жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Сарапшының айтуынша, қазақстандық спортшының жеңісінен кейін әлеуметтік желіде қызу талқылау басталған. Ресейлік қолданушылар Шайдоровты "орыс" деп атағанда, Қазақстандағы орыстардың өзі оларға қарсы шығып, спортшының қазақ екенін дәлелдеуге тырысқан.
Мұқан бұл жағдайды бірнеше қырынан талдайды. Ол мұны қазақстандық қоғамда ұлттық бірегейліктің толық қалыптасқанының көрінісі деп санайды. Себебі елдегі ортақ қуаныш пен қайғы тұрғындарды жасына, жынысына және этникалық тобына қарамастан біріктіріп отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бывший актив Боранбаева окончательно закрепили за «КазМунайГазом»
Жаннұр Еділбаева·