Әлеуметтік желіде Сарыағаш мешітінің имамы Әбдужаппар Смановтың емшіге жарнама жасаған бейнежазбасы таралып, қоғамда қызу талқы тудырды,деп хабарлайды Todayinfo.
Бейнежазбада имам Әшірбек есімді емшінің "ерекше қасиеттерін" атап, оның әкесі Шыңғысханның ұрпағы екенін, өзі де биотогы бар адам екенін айтып, жұртты дем салдыруға шақырған.
– «Мынау менің жалғыз ағамның күйеубаласы. Оның әкесі – Шыңғысханның ұрпағы. Құдамыз да дем салатын. Әшірбектің қолында биотогы бар, аузында емі бар. Ықыласпен келсең, шипа табасың. Ақшасы жоқ адамға тегін оқуға да болады, бірақ ақшасы барлар молданы мазақ еткендей аз ақша қалдырады», – деді имам.
Желі қолданушыларының реакциясы – теріс
Бейнежазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырып, имамның әрекетін сынға алды.
-
«Шыңғысханның ұрпағы дей ме?»,
-
«Рекламаны өлтірді ғой»,
-
«Бұл кісі енді дем салу бағасын белгілеп отыр ма?» – деген сынды пікірлер жазылды.
Көпшілік дін өкілі тарапынан мұндай жарнаманың орынсыз екенін атап өтті.
Діни қызмет пен емшілік – бөлек ұғым
Дінтанушылардың пікірінше, дін қызметкерінің жеке тұлғаларды немесе емшілік қызметтерді насихаттауы – діни қызмет этикасына қайшы келуі мүмкін. Әсіресе, шипа мен саулықты ақшаға байлау мәселесі діни ұстанымдармен үйлеспейді.
@asheke44♬ оригинальный звук - sheih_ashirbek




