Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты. Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты.«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет» — деді ол.
Скляр Петропавлдан халықты мәжбүрлі түрде көшіруді тапсырды
Үкіметтің хабарлауынша, Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев премьер-пинистрдің алғашқы орынбасарына айтты. Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ к

Үкіметтің хабарлауынша, Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев премьер-пинистрдің алғашқы орынбасарына айтты. Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» - деген.
Оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·