28 сәуірде Астана, Көкшетау, Өскемен және Риддер қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo «Қазгидромет» РМК болжамына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл қалаларда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. ҚМЖ – бұл атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай кезеңдерде елді мекендердегі атмосфералық ауаның жағдайы нашарлауы мүмкін.
«Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді атмосфералық факторлардың жиынтығы», – делінген хабарламада.
Тұрғындарға ауа сапасы нашарлаған кезде терезелерді жауып, сыртқа шықпауға кеңес беріледі.




