Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» жоғары атағы берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Атақпен бірге Кенжебай Мәденовке айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды.




