Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Әлем чемпионы сотта министрлікті жеңіп шықты

Астанадағы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы гір спортынан әлем чемпионы Қарлығаш Жұмағұловаға қатысты істі қарастырып, Туризм және спорт министрлігінің әрекетін заңсыз деп таныды. Бұл шешім бірінші инстанциядағы сот үкімін толық қолдады,деп хабарлайды  Todayinfo ақпаратт

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Әлем чемпионы сотта министрлікті жеңіп шықты

Астанадағы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы гір спортынан әлем чемпионы Қарлығаш Жұмағұловаға қатысты істі қарастырып, Туризм және спорт министрлігінің әрекетін заңсыз деп таныды. Бұл шешім бірінші инстанциядағы сот үкімін толық қолдады,деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Министрлік бұған дейін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісті есепке алмай, тек 2023 және 2024 жылдардағы жетістіктер үшін сыйақы төлеуге келісім берген еді. 2021 жылғы нәтиже бойынша талап қою мерзімі өтіп кетті деген уәж айтылған болатын.

Алайда сот бұл уәжбен келіспей, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1345 қаулысына сүйене отырып:

«Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өтініш мерзіміне қарамастан сыйақы алуға құқылы», — деген шешім шығарды.

Қарлығаш Жұмағұлованың жетістіктері

Қарлығаш Жұмағұлова — гір көтеруден бірнеше дүркін әлем чемпионы:

  • 2021 жылы Будапешт (Венгрия) қаласында: 1-орын және 3-орын;

  • 2023 жылы Хиуада (Өзбекстан): жеңімпаз;

  • 2024 жылы Чолпон-Атада (Қырғызстан): жүлдегер.

Осы жетістіктері үшін спортшы 2024 жылдың қарашасында ҚР Туризм және спорт министрлігіне сыйақы төлеу жөнінде өтініш жолдаған болатын.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, тараптардың шағым түсіру мүмкіндігі сақталады. Дегенмен, бұл оқиға спортшылардың құқықтарын қорғау жолында маңызды прецедент болып отыр.

Ұқсас материалдар

Әлем чемпионы сотта министрлікті жеңіп шықты · Todayinfo