Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйеліне жазаны күшейтті: апелляциядан кейін мерзім ұзарды

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльдің әйелі Ким Кон Хиге қатысты апелляциялық сот бастапқы үкімді күшейтіп, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйеліне жазаны күшейтті: апелляциядан кейін мерзім ұзарды
📷 Дереккөз: orda.kz

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльдің әйелі Ким Кон Хиге қатысты апелляциялық сот бастапқы үкімді күшейтіп, төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі Yonhap-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Ким Кон Хиді бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырған еді. Алайда апелляциялық инстанция бұл шешімді өзгертіп, мерзімді төрт жылға ұзартты. Сот оны қымбат сыйлықтар қабылдағаны үшін кінәлі деп танып, акциялармен манипуляциялау схемасына қатысы бар деген айыпты жартылай мойындады.

Прокурорлар Ким Кон Хиді 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен болатын. Олар оны акция бағасын манипуляциялауда, күйеуінің 2022 жылғы президенттік сайлау алдында сауалнама нәтижелерін саясаткерден алуда және Chanel сөмкелері мен Graff алқасын сыйға алуда айыптады. Апелляциялық сот опрос нәтижелеріне қатысты ақтау үкімін күшінде қалдырды, себебі саясаткер ақпаратты тек экс-президент пен оның әйеліне ғана емес, басқа адамдарға да берген.

Сот шешімі бойынша, Ким Кон Хи 50 миллион вон (шамамен 29 мың еуро) айыппұл төлеуі керек, сондай-ақ одан Graff алқасы тәркіленеді. Еске салайық, Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль 2024 жылы әскери жағдай енгізу әрекеті үшін ақпан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Ұқсас материалдар

Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйеліне жазаны күшейтті: апелляциядан кейін мерзім ұзарды · Todayinfo