Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 06:00-ге дейін Рысқұлов даңғылы мен Даналық көшесі аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.




