Вашингтондағы федералды сот Ақ үй тілшілер қауымдастығының кешкі асы кезінде атыс ұйымдастырды деген күдікке ілінген Коул Алленге ресми айып тақты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оған АҚШ президентіне қастандық жасау, зорлық-зомбылық қылмыс кезінде атыс қаруын қолдану және ауыр қылмыс жасау мақсатында штатаралық қару тасымалдау айыптары тағылып отыр. АҚШ заңнамасы бойынша, егер кінәлі деп танылса, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.
Прокуратура мәліметінше, күдікті президентке шабуыл жасауды жоспарлап, бірнеше штатты кесіп өткен. Оның қолынан 12-калибрлі помпалы мылтық, пышақтар және басқа да қарулар табылған. Бұлтартпау шарасы туралы тыңдау бейсенбіге, алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген.
Алленнің өзі айыптар бойынша кінәсін мойындайтынын әзірге мәлімдемеген. Бұған дейін 31 жастағы Калифорния мұғалімі қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Еске сала кетейік, атыс 26 сәуірге қараған түні Вашингтондағы Washington Hilton қонақ үйінде болған. Онда Трамп пен басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен Ақ үй тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асы өтіп жатқан. Атқыш мылтық, тапанша және пышақтармен қаруланған. Ол залға кірер кезде ұсталған. Ер адам жалғыз әрекет еткен және Вашингтонға алдын-ала келген — ол іс-шара өткен қонақ үйде бірнеше күн тұрған, бірақ шақыру қағазы болмаған.




