Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сыртқат балаларға жинаған ақшасын берген қарияға ҚМДБ қажылыққа жолдама табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қайырымдылық жасағаны үшін Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдіріп, оған қажылық сапарына жолдама табыстады. Жолдаманы Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы барып тапсырған,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл шешім ҚМДБ төрағасының

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Сыртқат балаларға жинаған ақшасын берген қарияға ҚМДБ қажылыққа жолдама табыстады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қайырымдылық жасағаны үшін Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдіріп, оған қажылық сапарына жолдама табыстады. Жолдаманы Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы барып тапсырған,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл шешім ҚМДБ төрағасының тікелей тапсырмасымен қабылданған. Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Жанында туыстары болмаса да, ол өмір бойы қажылыққа арнап жинаған 3 600 000 теңгені көмекке мұқтаж аналарға таратуды жөн көрген. Қария бұл соманы 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден қайырымдылық жасаған. Аталған аналардың бәрінің денсаулығы ауыр, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар. Сағадат ақсақалдың бұл әрекеті қоғамда кең қолдау тауып, әлеуметтік желіде де жылы пікірге ие болды. ҚМДБ бұл істі елге үлгі боларлық ізгі қадам ретінде бағалап, ақсақалға қажылыққа тегін жолдама ұсынуды лайық деп тапқан.      

Ұқсас материалдар

Сыртқат балаларға жинаған ақшасын берген қарияға ҚМДБ қажылыққа жолдама табыстады · Todayinfo