View this post on Instagram
«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
Елімізде соңғы уақытта «рухани даму», «ақша тарту», «энергия тазалау» деген желеумен халықты алдап жүрген жалған коучтар мен псевдоспикерлердің саны күрт көбейді. Әлеуметтік желілерде “миллионер болудың құпиясын үйретемін”, “еріңді өзіңе қайта ғашық етемін”, “тағдырыңды өзгертіп

Елімізде соңғы уақытта «рухани даму», «ақша тарту», «энергия тазалау» деген желеумен халықты алдап жүрген жалған коучтар мен псевдоспикерлердің саны күрт көбейді. Әлеуметтік желілерде “миллионер болудың құпиясын үйретемін”, “еріңді өзіңе қайта ғашық етемін”, “тағдырыңды өзгертіп беремін” деген уәделер қаптап кетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Бұл құбылысқа Мәжіліс депутаты Айдос Сарым ашық үн қатты. Ол Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, «жалған рухани ұстаздар қоғамның рухани иммунитетін бұзып жатыр» деп мәлімдеді.
«Қазір ел ішінде өзін “коуч”, “рухани терапевт”, “энергия маманы”, “ақша магниті” деп атаған адамдар қаптады. Олар қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, санасын улап, қалтасын қағуда. Бұл — жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың мәдени және психологиялық қауіпсіздігіне төнген қатер», – деді депутат.
Айдос Сарымның айтуынша, бұл «инфобизнестің» артында кейде қаржылық пирамида элементтері, сектанттық белгілер және адам психологиясына әсер ететін манипуляциялық тәсілдер бар. Көп жағдайда мұндай курстар мен марафондарға қатысқан адамдар қарызға батып, психологиялық күйзеліске түсіп, отбасылық қатынастары бұзылып жатады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·