Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Талдыкөлден заңсыз су алу фактісі тексеріліп жатыр – министр Нұржігітов

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Талдыкөл көлінен судың заңсыз алынуына қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы ол брифинг барысында мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. «Дұрыс айтасыздар, бізге соңғы инспекцияға хат келіп түсті. Қазір сол инспекция аясы

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Талдыкөлден заңсыз су алу фактісі тексеріліп жатыр – министр Нұржігітов

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Талдыкөл көлінен судың заңсыз алынуына қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы ол брифинг барысында мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo.

«Дұрыс айтасыздар, бізге соңғы инспекцияға хат келіп түсті. Қазір сол инспекция аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай тексеруді 1-2 күнде аяқтау мүмкін емес. Өте көп іс-шаралар жүргізілуі қажет. Барлығы аяқталған соң, нәтижесін жариялаймыз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, жаңа Су кодексі аясында су нысандарын бақылау функциялары күшейтілген. Соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, инспекцияларға бақылау, жедел әрекет ету сияқты өкілеттіктер берілген.

«Бұл су пайдаланушылардың заң талаптарын бұзбауы үшін қажет. Қазір заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша жауапкершілік күшейтілді, айыппұлдар көлемі өсті. Әсіресе ірі нысандар үшін бұл – айтарлықтай сома. Егер құқықбұзушылық анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кейбір жағдайлар Қылмыстық кодекс шеңберінде де қаралады», – деп нақтылады Нұржігітов.

Министр тексеру нәтижесі толық шыққаннан кейін, жұртшылыққа ресми түрде жарияланатынын атап өтті.

Ұқсас материалдар

Талдыкөлден заңсыз су алу фактісі тексеріліп жатыр – министр Нұржігітов · Todayinfo